Жұмыс іздесең, «Жанұя» орталығына кел

0
730

Аталған іс-шараның мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламаларды жұртшылыққа насихаттау.


Жұмыс іздесең, «Жанұя» орталығына кел

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында кезекті шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілетіндігін хабарлайды, деп жазады astana.gov.kz.

Қала азаматтарын әлеуметтік қолдауға бағытталған шара 5 ақпан күні сағат 10.00-13.00 аралығында жұмыс істейтін болады.

Аталған іс-шараның мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік бағдарламаларды жұртшылыққа насихаттау.

Шара аясында ізденушілердің жұмыс беруші ұйым өкілдерімен кездесіп, жалақы деңгейі мен үміткерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жәрмеңкеге келушілер алдын ала сұхбаттасудан өтіп, түйіндемесің жұмыс берушілерге қалдыра алады.

Айта кетсек, алдағы уақытта шағын жәрмеңкелер апта сайын өткізілетін болады.