Заң жобасы Үкіметтің бастамасымен әзірленді.
Фото: Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
— Заң жобасы Үкіметтің бастамасымен әзірленді. Ол негізгі үш бағыттан тұрады, біріншіден 2027 жылға қарай кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек пакетін екі есе, яғни 57%-дан 32%-ға қысқарту, сәйкесінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін 68%-ға ұлғайту көзделеді. Екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың МӘМС қорына төлейтін жарна шегін ең төменгі жалақы көлемінен 50 есе арттыру қарастырылған. Үшіншіден, жергілікті бюджет есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік дағдарыс деңгейіне жататын азаматтар үшін МӘМС қорына жарна төлеу көзделіп отыр, — деді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.