Жұмыссыздарды жұмысқа орналастырған аутсорсингтік компанияларға мемлекет 52 мың теңге төлейді

0
953

Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлайды.


Жұмыссыздарды жұмысқа орналастырған аутсорсингтік компанияларға мемлекет 52 мың теңге төлейді

ERNUR.KZ. Мемлекет бір жұмыссызды жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту саласында аутсорсингтік қызмет көрсететін жеке компанияларға 52 мың теңгеге дейін төлеуге дайын, деп жазады Елорда Инфо.

Жеке жұмыспен қамту агенттіктері 2018 жылдан бастап мемлекеттік халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздарға жұмыс іздеу және жұмыспен қамту қызметтерін ұсынады.
Бұл қызметтерді жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе техникалық және кәсіптік білімі бар және жұмыспен қамту және (немесе) кадрлармен қамтамасыз ету саласында қызмет көрсетуде кемінде 1 жылдық тәжірибесі бар жұмыскерлері бар заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да ұсына алады.
Аутсорсинг қызметтерін ұсыну үшін электронды еңбек биржасындағы (www.enbek.kz) жеке кабинет арқылы жұмыспен қамту орталығы орналастырған лотты таңдап, біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тіркеу қажет. Егер бәрі дұрыс болса, жұмыспен қамту орталығы мен лотты таңдаған жеке агенттік арасында аутсорсинг туралы келісім жасалады. Жеке жұмыспен қамту агенттігі келісімге қол қойған сәттен бастап жұмысқа орналастыру үшін жұмыссыздардың тізімі беріледі. Қызметтерге ақы төлеу кезінде келісімшарт сомасының 20% алдын-ала төлеу қарастырылған.
«Жеке агенттік 30 жұмыс күні ішінде жұмыс іздейді. Жұмыспен қамту агенттіктері арқылы орналасқандар бір жұмыс орнында 6 ай бойы үздіксіз жұмыс істеуі керек. Бұл факт қызметкерге міндетті зейнетақы жарналарын аудару арқылы расталады», - деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының жұмыспен қамту қызметін дамыту департаментінің директоры Ирина Рубашина.
Оның пікірінше, жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг қызметтер жаңа бизнесті ашқысы келетіндер үшін жақсы мүмкіндік болуы мүмкін, өйткені іс жүзінде ешқандай қаржылық салымдарды қажет етпейді.
«Мемлекет жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына және жұмыс орнында үш және алты айдан кейін жұмыс істеген уақытына ақы төлеуге кепілдік береді. Тарифтің мөлшері 35 000-нан 52 500 теңгеге дейін және жұмыссыздарға жұмыс табудың қиындығына және жұмыспен қамту орталығында - қалада немесе ауылдық жерде тіркелуіне байланысты. Жеке агенттік аумақтық тұрғыдан тәуелсіз, демек, бірнеше аймақтарда және бірнеше аутсорсинг келісімдері бойынша қызмет көрсете алады», - деді Рубашина.
Аутсорсинг туралы келісім электрондық форматта жасалады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне жан-жақты консультациялық қолдау көрсетеді және жұмысқа орналастыру үшін қажет жұмыссыздар туралы толық ақпаратты ұсынады.