Журналисті әкімдіктен күштеп шығарған: Қызметтік тексеру жүргізіледі

0
571

Алматының Алатау ауданы әкімдігінің күзетшісі «Хабар 24» телеарнасының журналисін көтеріп, әкімдік ғимаратынан шығарып жіберді.


Журналисті әкімдіктен күштеп шығарған: Қызметтік тексеру жүргізіледі

ERNUR.KZ. Алатау ауданының әкімі күзетші мен журналист қыздың оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз күзетшінің әрекетін құптамаймыз. Бұл кезде мен әкімдікте болмадым. Мен жұмыс барысымен ауданды аралуға шығып кеткем. Ал күзетшіге келетін болсақ, ол Алатау әкімдігінің қызметкері емес. Ол жеке компанияның қызметкері. Бізде наурыз айынан бері жұмыс істейді. Тергеу жұмыстары аяқталғанша, ол жұмыстан шеттетілді. Мен және менің орынбасарларым оған журналисті әкімдік ғимаратына кіргізбе деген нұсқау бермедік. Бұл факті бойынша комиссия құрылды, қызметтік тергеу жүргізіледі», - деп түсіндірді Азамат Қалдыбеков.

Еске салайық, Алматының Алатау ауданы әкімдігінің күзетшісі «Хабар 24» телеарнасының журналисін көтеріп, әкімдік ғимаратынан шығарып жіберді.

Бұл оқиғаға байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да өз ойын білдірді. Министрдің мәлімдеуінше, журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек.