Жыл басынан бері 16,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

0
1 112

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,5 мың этникалық қазақ оралды.


Жыл басынан бері 16,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері 16 408 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп жазады sputnik.kz.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,5 мың этникалық қазақ оралды.

"Қазақстанға көшкен қандастардың жартысы (53,7%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 10,9% – Моңғолиядан , 7,7% – Ресейден, 6,3% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден келді", - деп жазды министрлік.

Қандастардың 61,2%-і еңбекке жарамды, ал 8,5%-і зейнеткер. Жоғары білімдісі 15,5% болса, білімі жоқтар – 8,6%.
"Қандастар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына тұрақтаған. Оларға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде төленеді", - делінген ведомсво хабарламасында.
Жыл басынан бері 1254 қандасқа түрлі қолдау шарасы көрсетілген. 522 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1254 адам біржолғы субсидия алды, ал 513 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.
Бүгінгі таңда республиканың шет елдердегі мекемелері арқылы этникалық қазақтардан қандас мәртебесін алуға жаңа форматта 2 037 өтініш, яғни 681 отбасынан қабылданды.