Жыл басынан бері бюджетке қанша кіріс түскені белгілі болды

0
684

Кірістер бойынша жоспар 41 млрд теңгеге, оның ішінде салық - 11 млрд теңгеге, салыққа жатпайтын кіріс – 29 млрд теңгеге асыра орындалған.


Жыл басынан бері бюджетке қанша кіріс түскені белгілі болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.

«Биылғы бес айда мемлекеттік бюджетке 6 трлн 554 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 107% орындалды. Республикалық бюджетке 4,4 трлн теңгеге жуық кіріс түсті, жоспардың орындалуы - 100,9%», - деді министр.

Оның айтуынша, кірістер бойынша жоспар 41 млрд теңгеге, оның ішінде салық - 11 млрд теңгеге, салыққа жатпайтын кіріс – 29 млрд теңгеге асыра орындалған.

«Салық бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына тиесілі болды. Жоспардың асыра орындалуы биылғы 4 айдағы жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды өткізу бойынша айналым сомаларының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,4% ұлғаюына байланысты. Корпоративтік табыс салығы, импортқа қосылған құн салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалған жоқ», - деді Е. Жамаубаев.