Жыл басынан бері коллекторлық ұйымдардың үстінен 371 арыз түскен

0
527

Көп жағдайда банктер коллекторлардың қолымен от көсейді десек болады.


Жыл басынан бері коллекторлық ұйымдардың үстінен 371 арыз түскен

ERNUR.KZ. Дәл осындай сапасы сын көтермейтін үйлердің өзін көптеген азаматтарымыз несиеге, яғни ипотекаға алып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Лажы болмаған соң, ондаған жылдар бойы қарыздың қамытын киіп өтеді. Ал берешегін бере алмағандармен банк салғыласып жатпайды, әп-сәтте далаға қуып шығады. Көп жағдайда банктер коллекторлардың қолымен от көсейді десек болады.

Ал қарыз өндіргіш ұйымдардың әрекеті көбіне заң аясынан шығып кетіп жатады. Мысалы, осы сегіз айдың ішінде коллекторлардың құқайына шыдамаған 370-тен астам қазақстандық арызданыпты.