​«Жыл еріктісі» байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

0
333

Павлодар Қазақстанның ең белсенді еріктілерін, еріктілер ұйымдардың мүшелерін, шетелдік еріктілер ұйымдарының өкілдерін және Қайырымды істер марафонының қатысушыларын біріктірді.


​«Жыл еріктісі» байқауы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Бүгін Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында 6 аудитория жұмыс істеді. Іс-шарада еріктілер волонтерлер мен іс-шараға қатысушылар үшін бір уақытта шеберлік сыныптары мен ворк-шоптар өткізілді, деп жазады

ERNUR.KZ.

Алаңдарда «Ұлттық Делфий комитеті» КҚ директоры, «Ерекше актерлер театры» мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау жөніндегі оқу құралының авторы Құралай Түспекова, коммуникация жөніндегі маман Әлішер Елікбаев, медицина докторы, биолог, ғылыми популяризатор және «MedSupportKZ» ҚҚ дәрігерлері мен ғалымдары қауымдастығының басшысы Ботагөз Каукенова және басқалар дәріс оқыды.

Тыңдаушылар үшін менторлар мен тренерлер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде «Экология өмір салты ретінде», «Этно бағыттағы жобалар», «Төтенше жағдайдағы еріктілік», «Фандрейзинг», «Инклюзивті қоғамдастық», «ERG КӘЖ көшбасшысы ретінде», «Коммерциялық емес секторға арналған маркетинг», «Жобалық басқару», «Гранттық қаржыландыру», «Халықаралық волонтерлік», «Инклюзивті театр», «Волонтерлік желілерді ұйымдастыру», «Медицинадағы волонтерлік» тақырыптарында дәрістер мен тренингтер өткізді.
Сонымен қатар, іс-шарада «Жыл еріктісі» халықаралық байқауының жеңімпаздарына, сондай-ақ БҰҰ еріктілер бағдарламасының 50 жылдығына орай бекітілген сыйлықтың иегерлеріне құрмет көрсетілді. Жылдың үздік еріктілерін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов құттықтады.
«Қазіргі заманда ерікті болу – ерлікпен тең. Волонтерлердің арқасында қоғамның ең өзекті әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешіліп, қоршаған ортамыз күн сайын жақсаруда. Бұл қанымызға сіңген асыл қасиеттеріміздің сарқылмағанын көрсетеді. Сіздердің қоғамдық қызметтеріңіз алдағы уақытта волонтерлік саласын заңғар биіктерге шығаратынына сенімдіміз. Айтулы сәтті пайдалана отырып, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын», - деді Болат Тлепов.
Вице-министр, сондай-ақ, волонтерлерді қолдау бағытында мемлекет жүргізіп жатқан жұмысқа да тоқталып өтті.
«Өздеріңізге мәлім, Президент нұсқауы бойынша үш жылға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасы қабылданды. Сонымен бірге, волонтерлікті қолдау Стандарты мен Волонтерлерді арнайы даярлау бағдарламасы әзірленуде. Волонтерлікті ынталандыруға бағытталған бірқатар заңнамалық жаңашылдықтар Парламентте қаралып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар волонтерлікке деген қызығушылықты оятып, әрбір азаматтың бойына туған еліне деген жанашырлық сезімдерін қалыптастыруға бағытталады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Халықаралық еріктілер күні қарсаңында еліміздің болашағы үшін жан аямай еңбек етіп жүрген барлық волонтерлерге толағай табыстар тілеймін», – деп түйіндеді сөзін ол.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрайымы Лима Диас еріктілердің қызметі елдегі өзара көмек мәдениетін дамыту үшін өте маңызды екендігін атап өтеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасының арқасында 2020 жылы атап өтілген еріктілер жылы еліміздің барлық волонтерлік ұйымдары белсенді ат салысқан «Қайырымды істер марафоны» республикалық жобасы түрінде қисынды жалғасын тапты. Бүгін бәріміз бірге жомарттық пен мейірімділік идеясына негізделген жаңа қоғам құрып жатырмыз. Бұл қоғамда әр қазақстандық жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан өмірінің бір бөлігіне жақсылық жасауға ұмтылады», - деді ол.
Айта кетейік, «Жыл еріктісі» – әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге үлес қосқан еріктілер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған Халықаралық сыйлық.
Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген үміткерлер қатыса алды. Байқау қорытындыларына сәйкес «Үздік волонтерлік ұйым» атағына «ASAA» Шымкент қаласының Аccess түлектері» ЖҚБ, «JasStar» волонтерлік желісі (Қарағанды облысы), «Жерұйық Кеген жастары» ҚБ (Алматы облысы) ие болды. Әлия Сәтбаева (Алматы облысы), Диана Иконникова (Шымкент), «Іле жүрегі» еріктілер тобы (Алматы облысы), Жандос Әбдіжаппаров (Алматы облысы) «Корпоративтік еріктіліктің көшбасшылары» атанды.
«Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін» халықаралық сыйлықпен Қайсар Қарқын (Нұр-Сұлтан), Тамерлан Тұрсынбеков (Қарағанды), Саят Қанатұлы (Алматы облысы) марапатталды.
«Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары» болып Диляра Беғалықызы (Алматы), Данил Цой (Бішкек), «Добрая планета» ҚҚ (Петропавл) танылды.
«Ең үздік әлеуметтік көмекшілер» деген атаққа «Дар» ҚҚ (Нұр-Сұлтан), Жанерке Бексейітова (Талдықорған), «Астана Қайырымды Жандары» ҚБ (Нұр-Сұлтан) ие болды. Дастан Ерубаев (Алматы облысы), «Үміт» еріктілер тобы (Алматы облысы), Әлібек Мұса (Алматы облысы) «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» сыйлықты еншіледі.
«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін» марапатын Матвей Шведин (Талдықорған), «Дос» іздестіру-құтқару жасағы (Қостанай) және «Астана еріктілері» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша LIDER.KZ ҚБ ие болды.
Халықаралық сыйлықты «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» Баян Медеубаева (Алматы облысы) алды.
«Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін» марапатына «Медицина жастар» РҚБ (Нұр-Сұлтан), Дана Бектұрғанқызы (Алматы облысы), Мадина Совет (Алматы облысы), Әйгерім Пономарева (Алматы облысы) лайық деп танылды. «Мейірім-2020» еріктілер қозғалысы (Талдықорған), Екатерина Ушакова (Шымкент), Индира Исабаева (Алматы)
«Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» сыйлығымен марапатталды. «Білімді насихаттауға қосқан үлесі үшін» сыйлығын Ұлжан Ботбаева (Алматы облысы), Дамир Нұркежанов (Алматы облысы), Сандуғаш Аманқұл (Шымкент), «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» сыйлығын Мария Горбачева (Семей),Руфина Усанова (Талдықорған), Мөлдір Тілеубай (Алматы облысы) алды.
«Актобе, дыши» қозғалысы (Ақтөбе), «EcoArsu» еріктілер клубы (Ақтөбе),Диана Мырзағалиева (Нұр-Сұлтан) «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін» марапатына ие болды.
«Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлықпен «Майдан жолы» Павлодар іздестіру зерттеу жасағы» ҚБ, Әмина Қаржаубаева (Алматы облысы), Гүлзат Мәметнұрқызы (Қарағанды облысы) марапатталды.
«Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» Вероника Гузенко (Талдықорған), «Мейірімді қол» жануарларға көмек көрсетуге арналған қоғамдық қайырымдылық қоры (Павлодар), Ләззат Құлбаева (Ақмола облысы) марапатты еншіледі.
«Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» сыйлығымен Әсет Сұлтанұлы (БҚО), Сергей Курилов (Қарағанды), Солтүстік Қазақстан облысындағы Тахмеов ардагерлер кеңесінің жанындағы «Серебряный волонтер» тобы (Петропавл) марапатталды.
Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды. Ол Eurasian Resources Group қолдауымен «Қайырымды істер марафонының» жалпыұлттық жоба аясында өтті.