Жылқылар айыппұл тұрағына тоғытылып жатыр

0
4 370

Егер аталған сома жеті жұмыс күні ішінде төленсе, тек жартысы өтеледі


Жылқылар айыппұл тұрағына тоғытылып жатыр

ERNUR.KZ. Атырау көшелерінде емін-еркін жайылып жүрген 12 жылқы малының иесі енді өз жануарын айыппұл тұрағынан іздейді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері атыраулық полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы, яғни «Қаланы абаттандыру қағидаларын, инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою немесе бүлдіру» бабы бойынша малын қараусыз жіберген 17 азаматқа қатысты хаттама толтырды»,- деп xабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығынан.

Атырау қалалық ПБ ЖПҚ қызметінің бастығы Ерлан Биғамбаевтың хабарлауынша, аталған құқықбұзушылық үшін мал иелеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер аталған сома жеті жұмыс күні ішінде төленсе, тек жартысы өтеледі.