Елімізде жылу ақысы бір жылда 14% ға арзандады.
ERNUR.KZ. Ірі қалалардың ішінде Көкшетау, Шымкент пен Талдықорғанда жылу ақысы едәуір төмендеген. Ал керісінше жылу құны ең қымбат қалалардың тізімін Алматы мен Атырау бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz.
Сондай-ақ, төлемақысы арзандағанымен Шымкент тариф құны ең қымбат шаһарлардың тізімінде.
2019 жылдың тамызындағы дерек бойынша 1 ГКал – 3440,4 теңгені құрауда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% ға тең.
Айта кетейік, 2018 жылы жылу құны 1 ГКал – 3769,92 теңге болған. Статистикалық деректерге сүйенсек жылу тарифі жыл сайын- 6,7% ға өсіп отырған екен.