​Анар шырыны әлсіздіктен арылтады

0
5 629

Бойыңызды әлсіздік билеген жағдайда жұмысқа деген құлшынысыңыз төмендеп, шаршау мен дел-салдық мазалайды. Есте сақтау қабілетіңіз нашарлап, ұйқысыздыққа тап боласыз.


​Анар шырыны әлсіздіктен арылтады

фото: ашық дереккөзден

Бұл әсіресе, қала тұрғындарында, балаларда, қариялар мен жүкті әйелдерде жиі кездеседі.

Әлсіздік дұрыс тамақтанбағаннан да орын алады. Құрамында дәрумені мол жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз. Сондай-ақ пияз бен сарымсақты үзбеуге әдеттеніңіз. Кәдімгі қырыққабаттың да көмегі орасан. Оны мүмкіндігінше көбірек тұтыныңыз. Ол ағзаның зат алмасуын реттейді.

Көбірек ұйықтап, миыңызды тынықтырыңыз. Кем дегенде 3 сағаттан артық уақытыңызды таза ауада серуендеумен өткізіңіз. Жоғарыда айтылғандардың бәрін мұқият орындасаңыз, онда әлсіздікті жеңетініңізге күмәніңіз болмасын!

  • 1 ас қасық кептірілген итмұрынды (шиповник) 0,5 литр қайнаған су құйылған ыдысқа салыңыз. Қақпағын жауып 10 минуттай қайнатасыз. Жылы жерге қойып тұндырып қойыңыз. 15-20 минуттан соң сүзіп алып, жарты стақаннан тамақтан алдын ішесіз. Дәмін кіргізу үшін бал мен қант қосуға болады. Емді күніне 3 рет жүргізесіз.
  • Жалбыз (мята), киікоты (душица), тасшөп (тимьян), шайқурай (зверобой), таңқурай, шетен (рябина), бүлдірген (земляника) мен қара қарақаттың әрқайсысынан бірдей көлемде алып, араластырыңыз. 1 стақан қайнаған суға қоспаның 1 ас қасығын салып, тұндырасыз. Белгіленген уақыттан соң сүзіп алып, емдік шайды 1 стақаннан күніне 3 рет қабылдайсыз.
  • Бір ай бойы күніне 3 рет үзбей қайың шырынын ішсеңіз, оң нәтижеге қол жеткізесіз.
  • Жөкені (липа) қайнатып ішіңіз. Бұл емдік шайдың миыңызды тынықтырып, күш-қуат сыйлайтынын байқайсыз.
  • Бақбақ (одуванчик) гүлінен тосап қайнатып, шайға қосып ішіңіз. Бұл шай қуаныш пен ширақтық сыйлайды.
  • Балық майының да көмегі орасан. Оны 1 ас қасықтан күніне 3 рет тамақтанудан бұрын қабылдаңыз. Сонда әлсіздікті жеңесіз.
  • В дәрумені мен минералды заттарға бай анар шырыны да әлсіздікпен жақсы күреседі. Бұл шырынды үзбей ішіп жүрсеңіз, жанарыңыз жасарып, теріңіз тегістеледі. Бірақ есіңізде болсын анар шырынын сығып дайындаған соң 15 минуттың ішінде ішіп таусытуыңыз керек. Әйтпесе, ол құрамындағы пайдалы заттарды жоғалтады.

Л.Ахметова,

ERNUR.KZ.


Түймедақ тұнбасы асқазан ауруынан айықтырады

Иммунитетті көтеретін 10 қадам