САРЫМСАҚ пен СҮТ вирусты БІР-АҚ күнде ЖОЯДЫ

0
40 246

Бұл ӘДІС ағзаңызға ВИРУСТЫ жолатпайды


САРЫМСАҚ пен СҮТ вирусты БІР-АҚ күнде ЖОЯДЫ

фото: eda-land.ru

Бүгінде бәрінің қауіпі – әлемді дүрліктірген вирус. Бетперде – кез келген вирустан сақтанып, оны жұқтырмаудың бірден бір жолы. Десек те, бетперде мәселені түбегейлі шешпейтінін білесіз. Ауырмай тұрып та дәрі қабылдай алмайтыныңыз анық. Ендеше, вирусты жұқтырмаудың тағы бір амалы - халық емі. Біз ұсынған ем арқылы ағзаңызды аурудан қорғайсыз әрі қауіптің алдын аласыз.


Вирус дегеніміз – қоршаған ортада кездесетін өте ұсақ тіршілік. Ол ауруды қоздырушы қызметін атқарады.


Ағзаңызды вирус жаулаған кезде:

  • бойыңызды әлсіздік билейді;
  • тамақ ауырады;
  • мұрын бітеледі немесе су ағады;
  • түшкіресіз;
  • тітіркенесіз.

Егер осы белгілер біліне басталса дереу мына әдісті қолданып көріңіз.


Вирустан сақтану үшін:

  • ағзадағы улы заттарды шығару үшін сұйықтықты көбірек ішіңіз;
  • нәрлі тағамдарды тұтыныңыз;
  • бөлмені желдетіп, таза ауада серуендеңіз;
  • мұрын мен тамақты тұзды сумен жиі шайып отырыңыз.


Халықтық ем қалай жүргізіледі?


  • 1 шай қасық мейізді тазалап жуып, 1 стақан қайнаған суға саласыз. Бетін жауып, жарты сағаттай тұндырып қойыңыз. Бұл емдік сусын кішкентай сәбилерге де, үлкендерге де керемет көмектеседі. Вирусты жояды әрі ағзаны қуаттандырады.


  • Егер үйдегі ересек балаларға вирус келсе, онда кептірілген жемістерден нәрсу дайындап беріңіз. Бұл да өз кезегінде ағзаны артық заттан тазалап, ауруды жеңуге күш береді.

Жалпы кептірілген жемістерді үзбей жесеңіз, кез келген аурудың алдын алатыныңызға сенімді болыңыз.

фото: respublika-center.ru

  • 1 литрлік термосқа қайнаған су құйыңыз. Оған түймедақ (ромашка), жөке (липа), кекіре (василек), наурызгүл (первоцвет) және андыз (девясил) шөптерін ұнтақтап, 1-1 шай қасықтан қосасыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, қайтадан термосқа құю керек. Дайын болған тұнбаны шай ретінде кез келген уақытта ішуге болады. Егер татымы ұнамсыз болса, 1 шай қасық бал араластырыңыз.

Ескеріңіз! Шөп шайға қант қосуға болмайды. Себебі емдік қасиетін жоғалтады.


  • Ағзадағы вирусты, шлак пен улы заттарды шығаруға сүт керемет көмектеседі. Ол үшін күніне 1 рет ашқарынға 1 стақан бал қосылған немесе сарымсақ қосылған сүт ішіңіз. Емнің нәтижесін 1-ақ күнде байқайсыз.


  • 1-2 кесек зімбірдің тамырын үгіп алып, стақанға салыңыз. Оған 1 шай қасық лимон мен 1 шай қасық бал қосасыз. Үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. 5 минуттан соң-ақ шай ретінде ішуге болады.

Егер зімбір шайына аздап даршын (корица), қалампыр (гвоздика) немесе бұрыш қосып ішсеңіз, емдік қасиеті еселене түседі.


  • Бал мен тұрып та ағзаны вирустан қорғайды. Әсіресе тамақ ауруларын емдеп, жөтелді жояды. Бас ауруы басылып, айналғаны тоқтайды.

Дәрілікке дайындау үшін тұрыптың түбін алып, мұқият жуыңыз. Қабығын кесіп алмаңыз, төменгі бөлігін кесіп тастайсыз. Ал жоғарғы бөлігін тесу керек. Сол тесікке бал құйып, бірнеше уақытқа қоясыз. Шамамен 5-10 минуттан соң тұрыптың шырынын ыдысқа құйып алыңыз. Бұл емдік сұйықтықты 1 ас қасықтан 3 рет қабылдайсыз.


  • Сарымсақ пен бал вирустық инфекцияны жоятын бірден-бір ем. Оны дайындау үшін бірдей көлемде бал мен үгілген сарымсақты араластырасыз. Дайын болған ғажап дәріні 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Артынан 1 стақан жылы су ішуді ұмытпаңыз. Емді ұйқыға жатардан алдын жүргізу керек.


  • Піскен алма да суық пен жөтелге қарсы ем бола алады. Егер оған бал мен даршын қосып пісірсеңіз, емдік қасиеті арта түспек.


Міне, ардақты оқырман, осы әдістерді қолдану арқылы аурудың алдын алатыныңызға сеніңіз. Артық шығын шығармай-ақ ауруды жеңетін күш сыйлаңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Материал түрлі дереккөздерден алынды.


Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз: