Атақты "91" тобына қатысты тағы да дау шықты. Бұл жолы жасөспірім сүйікті әншілері үшін ата-анасын өлтіруге де дайын екенін желідегі пікірі арқылы білдірген. Бұл пікірдің фотосын өзінің инстаграм парақшасына танымыл журналист Ерқанат Көпжасар еш пікірсіз жариялады.

Осы кезге дейін ол топқа қатысты түрлі пікірлер болғанымен, бұл пікір көпшілікті шошытты. Сондықтан жазба бірден назарға ілігіп, желі қолданушылары аз уақыт ішінде пікір білдіріп үлгерді. Көпшілік жасөспірімге алаңдаушылық білдіріп, тәрбиесіне ата-анасының көңіл бөлуі керек екенін айтты.
Бірақ арада бірнеше уақыт өткен кезде журналист жазбасын желіден өшіріп тастады.
Фото: Әлеуметтік желіден скриншот
ERNUR.KZ