"Анамды жылатпағаның үшін...": Нұрболат Абдуллиннің марқұм әкесіне арнаған әні көпшіліктің көңілін босатты

0
13 917

Жаңа әнді тыңдаған Асхат Тарғын жүрегінің ауырғанын айтты.


Көпшіліктің сүйікті әншісі Нұрболат Абдуллин бірнеше уақыт бұрын әкесінен айырылған еді. Одан кейінгі үзілістен шыққан әнші кеше әкесіне арнап жазылған "Рақмет, әке" деген әнін жариялады.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына "Бүгін Әкемнің туған күні. Жаныңыз жәннатта болсын, Әке!" деп әнін таныстырды.


"Анамды жылатпағаның үшін,

Рухымды құлатпағаның үшін

Рақмет, әке!

"Балам" деп өбектегенің үшін

Жамандық үйретпегенің үшін

Рақмет, әке!" деп басталатын ән желіде бірден хитке айналды.

Оның сөздерін естіп, әніне балқыған көпшілік жанарына келген жасты тоқтата алмағандарын айтуда.

Әннің сөзін жас ақын Ақжол Түменбай жазса, әнінің авторы композитор Үкітай Ерниязов.


Әннің толық нұсқасын тыңдау үшін: