"ӘҢГІМЕ БАСҚА БОЛАДЫ": Кредит туралы әнге сын айтқандар мен Қайрат Нұртасқа әнші жігіттердің жауабы

0
2 192

"Азаия" мен "Бақай" топтарының жігіттері Қайрат Нұртасқа неге ренжігенін айтты.


фото: ашық дереккөзден

«Атың өшкір кредит» деп қоғамдағы болып жатқан жағдайды әнге қосамыз деп, өздері сынның астына қалған әншілердің айтарлары бар. Жігіттер әнде мән мен мағына жоқтығын алға тартқан көрермендер мен тікелей сын айтқан Қайрат Нұртасқа «Той думан» арнасына берген сұхбатында жауап берді.

Даудың астында қалған топтар көпшілікті түсіністікке шақырды. "Әніміз тек қоғамдағы белең алған мәселелер жайында" деп ақталды. Ал масқараға балап жатқандарға, әнді қайта тыңдап көруге кеңес берді.

«Расында да қазіргі қоғамда болып жатқан нәрсені сынадық. Шыны керек, көбісі сол «Опмай-Опмайдағыдай» түсінбеді. Не болса соны ән қыласыңдар ма деп. Қазір тренд болып кетті ғой, «заманауи жыраулар» деген. Әнде ақиқат бар, мән бар, мағына бар. Ал мағына жоқ деп айтатындарға, әнді қайтадан тыңдап көріңіздер дегім келеді», - деді «Азия» тобының мүшесі.

Ал, бір сахнада өнер көрсетіп жүрген әріптес достары Қайрат Нұртастың пікірін жігіттер өздері де түсінбей дал болыпты. Шет елде демалып жүрген хитменнің не айтқысы келгенін келгеннен соң білетін боламыз дейді.

«Ол менің күйеу балам. Қазақтың барлығы бір-біріне туыс, бауыр, жегжат болып келеді ғой. Біздің рудан қыз алған. Шыны керек, мен әлі түсінген жоқпын. Қазір ол демалыста жүр, келгеннен соң түсіндіретін шығар. Не ренжитінімді, не ренжімейтінімді білмей тұрмын. Көзбе-көз келгеннен кейін нақты түсіндіріп айтатын шығар. Мүмкін, қалжыңдадым деп айтатын шығар», - деп өз ойын айтты Азия тобының мүшесі Ербол мырза.

Десек те, Қайраттың сөзін көңіліне алып қалған "Бақайлық" әнші онымен келген соң сөйлесетінін де жеткізді.

«Енді Досына солай тиісіп жатқан шығар деп түсіндім мен енді. Жеке мені айтатын болса, әңгіме басқа болады», - деп қысқа қайырды «Бақай» тобындағы Бек Шәріп.

ERNUR.KZ