Әнші Назима ауруханаға түсіп қалды (видео)

0
1 855

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жоспарланған концерттері кейінге шегерілді.


Әнші Назима ауруханаға түсіп қалды (видео)

Қазақстандық әнші, Black star продюсерлік орталығының жұлдызы Назима Жәнібекова ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Өзінің әлеуметтік желіде көрінбей кетуіне денсаулығы нашарлап, соңғы күндері ауруханаға ем алып жатуы себеп екенін түсіндірді. Осыған орай Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтуі тиіс концерттерінің кейінге шегерілгенін айтып, тыңдармандарынан бұған түсіністікпен қарауын сұраған.

"Әлеуметтік желіден неге жоғалып кеткенімді түсіндіргім келеді. Мені ауруханаға жатқызды. Осы орайда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтуі тиіс концерттер 18-19 қазан күндеріне шегерілді. Маған түсіністік танытуларыңызды сұраймын. Біз міндетті түрде кездесеміз. Әзірге мен жазылу үшін тыныштыққа кеттім. Тез сауығып кетуге тырысамын, ақыры ұйқым да қанатын болды. Аз дегенде 5 күнге жатқызды, кітап оқуға, аяқ созып жатуға, өз-өзіме келуге, дұрыстап адам құсап тамақтануға бұл таптырмас уақыт. Мен мұны қысқа демалыс ретінде қабылдаймын. Маған тілек білдірген көп хабарлама келіп түсті, көңілім көтеріліп қалды, менде бәрі жақсы, барлықтарыңызға рақмет", деді әнші.