«Әнші – шегіртке, боксер – қораз, шоумен – маймыл»: Белгілі кәсіпкер әнші мен спортшыға тиісті

0
2 024

«Әнші мен спорт қоғам үстінен күн көретін паразиттер»


«Әнші – шегіртке, боксер – қораз, шоумен – маймыл»: Белгілі кәсіпкер әнші мен спортшыға тиісті

Белгілі кәсіпкер, «Бизнес бастау» шеберлік мектебінің жетекшісі Ахметбек Нұрсила әншілерді – шегірткеге, боксер мен ережесіз жекпе-жекке шығатындарды – қоразға, шоумен, юмористтерді – маймылға теңеді.

Ол бұл ойын өзінің фэйсбук парақшасында жазды.

"Мен қазақ қоғамының

-әншілерді - шегіртке,

-боксер, ережесіз жекпе-жекке шығатындарды - қораз,

-шоумен, юмористтерді - маймыл

образымен байланыстырып, ассоциация жасап тастағанын қалаймын.

Сол кезде, бала әнші боламын десе,

-“шегіртке” боласың ба дейтіндей,

-боксер болам десе “қораз” сияқты ел алдына шығып төбелеспексің бе,

-юморист болам десе, онда “маймыл” болғаның ғой

деп айтқызғым келеді.

Сонда ғана осы мамандықтардың осылай деңгейін түсіріп тастасақ, қазақ балалары ғылым-біліммен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен айналысып, еліміз көркейе түсер еді.

Осыған барша саналы қазақ үлес қосса деймін. Келісесіздер ме?!» - деді Ахметбек Нұрсила.

Желі қолданушыларының бұл тақырыптағы пікірі екіге жарылды. Бірі «Бес саусақ бірдей емес», «Әнші де керек, боксер да керек, квншик те керек, ел болған соң бәрі керек!» деп келіспеушілігін білдірсе, тағы бір топ «Өте орынды, мен қолдаймын, әнші мен әртістің дәрежесі өте жоғары», «Келісуге болады. Бірақ, бұл үрдіс уақытша болғаны дұрыс. Мысалы, 50-70-100 жылдай сіз айтқан жоғарыдағы мамандықтарды өте төмен дәрежеге түсіру керек шығар» деп қолдау білдірді.