"Араларынан салқындық байқалады": Қайрат Нұртасты отбасымен көрген тыңдармандарының күдігі басылар емес

0
3 674

Оқырмандар "сурет шынайы емес" дейді


Қайрат Нұртасты отбасымен бірге көрген тыңдармандары қуанып қалды. Өйткені соңғы кезде "Олар ажырасып кетті" деген сөздер жиі айтылып жүр еді әрі жұлдызды жұп бірге бой көрсетпей кеткен-ді.

Олардың демалыстағы бірге түскен суретін Жұлдыз Абдукаримова желідегі парақшасына жариялады. Сонымен қатар "Алғашында отбасымызбен теңіздің жағасында демаламыз деп жоспарлаған едік. Бірақ Нұр-Сұлтандағы бір-екі жұмысымыз аяқталмай, сәл күте тұруды шештік. Жолға шығамыз деп жүрген балалардың көңілі түспесін деп, қонақүйде естен кетпес демалыс өткіздік. Қызмет көрсету сапасынан бастап, асханасы бәрі-бәрі ұнады. Әсіресе бассейн,спа зонасы керемет" деген жазба қалдырды.

Суретті көрген көпшілік "Сіздерді көріп қуанып кеттім ғой", "Сіздер бірге болғандарыңыз қандай жақсы?!", "Сіздер ажыраспаңыздар" деген сияқты ақ тілектерін ақтарып жатыр. Бірақ арасында "Қайраттың отырысы дұрыс емес. Араларында салқындық бар" деп сезіктенгендер де жоқ емес.