"Ауыздарында Алла, бірақ істерің имансыз болды ғой": Карантин талаптарын сынға алған Жігер Ауыпбаев желі оқырмандарына жақпай қалды

0
4 370


Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев карантин кезіндегі шараларға қарсы шығамын деп, сынның астында қалды. Ол әріптесі Төреғали Төреәліні қорқап, оның жазбасына төмендегідей пікір қалдырған еді.


Осылай деген әншінің бұл сөзін көпшілік қолдаған екен. Десе де бір оқырман, "Жігер! Мекке мен Мединаның қәзіргі таңда қандай шаралар қолданып жатқанын білесіз. Басқада мұсылман елдері қалай күресіп жатырғанын біле тұра қалың елге осылай пікір жазу, мұсылмандыққа жарасама" дейді. Оған әнші де үнсіз қалмай, "Айналайын Робертжан,жасырынбай өз парақшаңнан жазсаң дұрыс болар еді. Шынайы бет бейнеңді көрейік" деп жауап қатқан.

Оқырманы да одан қалыспай, "Айналайын Жігержан! Кім жазғанына емес, не жазғанына мән берсеңіз дұрыс болар еді" деп суреті керек болса жекесіне жіберуге дайын екенін айтқан.

Ал тағы бір оқырманы "Алланы ұмытпағаның дұрыс екен. Қайрат ұсталып елге жария болғанда ғана Алланы есіңе түсіргенің бе? Сол әншілер он мың долларсыз тойға бармай жүргенде айтпадың ба қанағат деп, сол әншілер тойдан 500 мың алса да ұтылмайды деп ойлаймын. Ал керісінше қалғанын мұқтаж жалғыз басты аналарға көмек ретінде берсе, сол сауап болар еді. Кеше қанша бала тірідей жанып жатқанда билікке тіл тигізбей жаттыңдар гой, ал енді қол-аяғы, жағдайы бар Қайратқа халық сын айтқанда сонша не шабылдындар, ауыздарында Алла, бірақ істерің имансыз болды ғой" деп пікір білдіріпті. Оған да әнші "Бас десе құлақ демей отыр інім. Сөйлескің келе ме личкаға шық! Бұл жерде батырсынбай. Или кездесіп бетіме айт!" дейді.

Әншінің бұл әрекетіне ренжіген көпшілік оған, халықпен санаспауға кеңес берген.