«Балаңызды боқтаса, сіз эмоцияңызға ие бола аласыз ба?»: Ерлан Орынбасаров былапыт сөзі үшін жауап берді

0
1 882

«Есірген екен биті семіріп»


«Балаңызды боқтаса, сіз эмоцияңызға ие бола аласыз ба?»: Ерлан Орынбасаров былапыт сөзі үшін жауап берді

Белгілі әнші Ерлан Орынбасаровтың былапыт сөз айтқан видеосы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Ол балалар алаңқайында жасөспірімді боқтап, әлімжеттік көрсеткен.


Оқиға Алматыдағы Таусамалы ықшам ауданында болған. Өнер адамының неліктен ашуға беріліп, жас баланы сонша боқтағаны әзірге белгісіз.



"Есірген екен биті семіріп", "Бұлар сахнада ғана мәдинетті бола калады", "Әншінің жазасын беру керек!", "Мынау сол ғой. Балаға боқтап, сес көрсетпесей, еу. Бір жерің шыдаса маған жазшы жекеге", "Адам емес, ұялмайсың ба?", - деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

Ал әнші Ерлан Орынбасаров инстаграм парақшасында: «6 жасар балаңыздың толықтығын орысшалап боқтап, күнде кемсітіп, достарының арасынан 14- 16 жастағы ересек балалар қуып жіберсе, әрбір ата-ананың жанына батады… Осындайда сіз эмоцияңызға ие бола аласыз ба?» деген жазбасын қалдырды.