«Қазақ елінде көптен күткен той»
Белгілі психолог, коуч, блогер Балқия Балтабайдың жеке өмірінде үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Балқия ханым тұрмыс құрмақ. Ол жуырда ешбір тойға ұқсамайтын, форматы мүлдем бөлек өзгеше той болатынын және де болашақ күйеуінің қандай екенін айтты. Дегенмен, күйеужігіттің түрін көруге желідегілер асық болып жатыр. «Хит күйеубаланың» кім екені көп адамдарға қызық болып жатыр. Өйткені, оның бет-бейнесін әлі ешкім көрген жоқ.
Алайда, Балқия ханым инстаграмдағы сториздерінде өмірлік серігі туралы там-тұмдап қана мәлімет беруде. Сондағы сырттай түсірілген сурет, видеоларға қарап, желідегі оқырмандардың біразы болашақ күйеудің ұлты – түрік деген сияқты жорамалдар айтып үлгерді.
Психологтың айтуынша, ол ешқандай атақ, мансап, ақшаға қызықпаған.
«Ең маңыздысы – менің ішкі сезімім. Алла куә, маған миллиардтаған ақшасы барлар, ғалымдар, кәсіпкерлер ұсыныс тастаған болатын. Маған мансап, атақ абыройы, ақшасы, байлығы, бизнестегі дәрежесі маңызды болса...Оның исламға қызығушылығы, иманы, діні маңызды болды. Үшіншісі, оның көркем мінезділігі, жүрегінің жұмсақтығы, мейірімділігі. Менің де күйеуге қатысты нақты қалауым болды. Ең бастысы, арамызда түсіністік болғанын қаладым. Оның басты құндылығы – ислам болса екен дедім. МашааАлла деп қойыңыздар. Ол – құранға ғашық адам. Күндіз-түні тоқтамай оқи береді. Қай жерге барса да Құранын тастамайды. Қари болуға дайындалып жүр. Через надо емес, Құранды махаббатпен оқитын адам. Мен өзім де таң қалдым. Сосын жүрегі өтеее жұмсақ. Жасы менен кіші. Сіздерге бәрін ашық айтып жатырмын. Жасы кіші болғаны мені мазаламайды. Ең бастысы – менің жүрегімнің тыныштығында. Әлхәмдулиллә, бұл да Раббымның берген деңгейі. Маған ішкі халім, бақытым – маңызды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) да Хадиша анамыздан 15 жас кіші болған ғой. Қуантайын сізді, иә, ол – қазақ. Руы – қоңырат. Өзім сияқты Оңтүстіктің тумасы. Ең қызығы, біздің танысқанымызға 12 жыл болған. 10 жыл бойы күтті ол мені... Мен де қабылдамай жүрдім. Ол да қайтпады. Мен де қабылдамадым. 10 жылдан кейін Аллам бізді тоғыстырды. Расымен оның жоспары біздікінен хайырлы...» - деп жазды Балқия Балтабай.
Сонымен, ел Балқия Балтабайдың тойын онлайн көруге асық. Өзі айтқандай, екі жастың тойы Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде шағын ғана топқа лайықталып өтеді. Жалпы, болашақ ерлі-зайыптылар үш рет той өткізуді жоспарлап отырғанға ұқсайды. Үлкендерге, жастарға және ауылға барып қуанышымен бөліспек ойы бар екен. Тойға командасымен күні-түні сценарий құрып, жоспар жазып жатыр екен. Өз ісін жақсы білетін режиссерлер жұмылдырылыпты.
Белгілі болғандай, жігіттің ұлты – қазақ. Руы – қоңырат. Жасы Балқия ханымнан кіші.
Ал желіде Балқия Балтабайға бақыт, хайырлы неке тілеп, жазылған жазба, пікірлерден көз сүрінеді. Бәрі де екі жас үшін қуанышты екенін жеткізіп жатыр.