"Білезіктің сіңірі созылып кетіпті": Сахнада сүрініп кеткен Роза Әлқожа жараланып қалды

0
6 789

"Шынтақ пен білезіктің сіңірі созылып кетіпті" - дейді әнші.


Белгілі әнші сахнада құлап, қолын зақымдап алған. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Қайырлы күн! Осыдан көп бұрын алғаш Сәтпаев қаласының сахнасында құлап ем. Кеше “Кеш жарық Қазақстан” бағдарламасының сахнасында сүріндім.

Сол қолмен тіреп қалам деп ойлап ем, болмады. Шынтақ пен білезіктің сіңірі созылып кетіпті! Ісіп, қақсап кеткен соң “Ерлан, қайдасыз?!”деп Қаскелеңге қарай тарттық. Түн іші демей, сағат 12де қабылдап жатқан белгілі сынықшыға Алла разы болсын!
Алла осылай сынағанына шүкір! Кешегінің ізін жалғаған халық емшілерінің бары қандай жақсы ия?!" деп жазды.

Мұны оқыған желі оқырмандары оның саулығы үшін алаңдап, түрлі жорамалдар жасауда.

Көпшілігі әншіге амандық тілеп, тілектестік білдірген. Сондай-ақ кейбірі әншінің орамалын шешіп тастағанын сынға алып, сондықтан болды деген жорамалдар айтқан.