"AZдап Кришім еске түседі"
Хит әндердің орындаушысы, эстраданың еркесі Ерке Есмаханның жеке өмірі соңғы уақытта Қазнетте ең жиі айтылған тақырып болды. Осы жайт себеп болды ма, әнші өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасын "жабық" етіп қойған. Яғни жазылушы болмасаңыз, парақшасындағы жазбаларын көре алмайсыз.
Оның өзінен кіші және белгілі Ninety One тобының экс-солистімен көңіл жарастырып жүргені байқалған еді. Бұны ресми түрде жарияламаса да, әнші сөздерінде, жазбаларында аңғартып қойып жүр.
Сондай жазбаның бірі - өзінің мүсінін айқындап тұрған суретті салып, төмендегідей жазба жариялады.
Мұны көрген оқырмандары күлкіге қарық болып, оның әзілқойлығына риза болуда. Көпшілігі әншіге бақыт тілеп, тойды күтіп жүргендерін айтқан.