"Бұл біздің мереке емес!": Айдана Меденова ұлына ұрсып тастады

0
2 012

Бейнеролик бірнеше сағаттардың ішінде 200 мыңнан астам қаралым мен мыңнан аса пікір жинаған.


Сахнада өз орны бар әнші Айдана Меденова "Хэллоуиннің" біздің мереке емес екендігін 3 жасар ұлына түсіндірген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен.

Желіге жүктеген видеоға әнші: "Біздің отбасымызда мұндай мереке жоқ", - деп жазған.

Бейнеролик бірнеше сағаттардың ішінде 200 мыңнан астам қаралым мен мыңнан аса пікір жинаған. Пікір қалдырушылардың көпшілігі әншінің әрекетін қолдағанымен, оның балаларымен орыс тілінде сөйлескенін сынап тастаған.

"Айдана жарайсыз, балаларды ана тіліне үйретсеңіз одан да керемет болар еді. Халық сіздерден үлгі алып балаларын да сіздердей бірінші ана тілінде сөйлетіп үйретер еді!", "Бұл біздің мереке емес, оны тойлайтын адамдарға таңданамын", "Жарайсыңына жарайсың ғой бірақ қазақша тәрбие беру керек қой балаға орысша емес", "Жарайсың, Айдана! Балаларды дұрыс тәрбиелейсіз", "Неге бөтен тілде сөйлейсіз? Сіздің тіліңіз емес", "Дұрыс айтсың", "Хайп үшін неге бармайды бұлар, видео әдей түсірілген", "Жаңа жылды қалай жеңе аламыз?", "Мұны қазақ тілінде айтыңыз, балаларды үйретіңіз", - деп жарыса жазған желі қолданушылары.

ERNUR.KZ.