Димаш Құдайберген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды

0
2 328

Ол Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін оқыды.


Димаш Құдайберген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды

Әнші Димаш Құдайберген Абайдың 175 жылдығына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына Абай Құнанбаевтың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін оқыған видеосын жариялады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым» . Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым #dears-тарға жолдаймын» деп жазба қалдырды Димаш.


Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын.