"Димаштай болу қайда?": Әнші Төреғали да шай шығара бастады

0
3 276

Қораптың сыртындағы әншінің суреті көпшіліктің көңілінен шықпаған тәрізді.


Қызылордалық ақын, танымал әнші жігіт Төреғали Төрәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Ассалаумағалейкум, Құрметті TORESH-тің оқырмандары!!! Жуырда, жақсы жаңалықтармен бөлісетін боламыз!" деген жазба қалдырып, "шайдың төресі Төреш" деген қорапшадағы шайдың фотосын салған.

Ал бұл жазбаға әншінің оқырмандарының көпшілігі сын айтып, Димашты қайталағанын және қораптағы суреттің орынсыз екенін жазған.

"Құтты болсын! Керемет шай болсын!, Бірақ қорапқа сурет қоюдың қажеті жоқ еді,оны қоқысқа тастайды ғой, болмаса жағады, өзіңдей әншінің суреті қоқыста жатса, жаныңа батады", "Ооооой, Димаштың шайына жетпейді-ау! Димаштай болу қайдаааа?", "Іске сəт берекелі болсын. Негізі анаңыздың суреті дұрыс болар ма еді, сізге шай құйып тұрған", "Құтты болсын! Тек қораптың сыртындағы фотоны ауыстыршы", "Қораптың сыртындағы сурет шайға сәйкес келмейтин сияқты (оз ойым). Кесемен шай ішіп отырған дұрыс шығар. Дегенменде ісің оң болсын!" - деп сын-ескертпелерін де қоса жазуда желі қолданушылары.


Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің де шай шығарумен айналысып жатқандығы туралы ақпарат тараған болатын.