"Дін - мода емес!": Түрлі образдармен көзге түскен Айдана Меденованы оқырмандары сынның астына алды

0
1 237

Жақында ғана өнерден кететінін айтқан әнші қазір мотивациялық жазбалар жаза бастаған.


Көпшілікке сұлу мүсіні мен әдемі келбетімен танылған Айдана Меденова қазір орамалды қыз атанған. Хиджап киіп жүрген әнші алдағы уақытта өнерден алыстайтынын да айтып жүр. Бірақ желіде өте белсенді, түрлі форматты видеолар мен суреттерін жариялап, мотивациялық жазбалар жариялап жүр.

Бірақ көпшіліке бұл имиджі ұнамай қалған сияқты, себебі соңғы жазбаларына теріс пікірлер көптеп жазылған.

Мысалы, "ҚАЙ ЖЕРДЕ МЕЙЛІ, ҚАЙ ЕЛДЕ, ӘЛЕМНІҢ КІЛТІ ӘЙЕЛДЕ..


Қайдан естігенім есімде жоқ, бірақ осы сөз ойымда жатталып қалыпты.

Ер адамдар ренжіп қалмасын, меніңше әйелдер кез келген мәселеде жылдам шешім қабылдауға бейім деп ойлаймын.

Әсіресе, өзі ұнататын істі таңдап, табыс табуда да мықты ғой.

Әйел ең бірінші кезекте, мақсатын нақты айқындап, содан оны орындауға талпынуы керек.

Өз тарапымнан оқырмандарыма қандай кеңес бере аламын:

• Ойыңыз бен бойыңызды әрдайым сергек ұстаңыз!
• Қай салада мықты екеніңізді біліп алуға тырысыңыз. Өзіңіздің жақсы жақтарыңызды анықтап алыңыз!
• Таңдаған жолыңыздан қайтпаңыз!

Шын мәнінде бұл өмірде бәрі оп-оңай! Тек әрекетке көшіп, қайтып қалмау керек!

Сөз соңында айтарым, Сіз Жаратқанның ең сүйікті пендесі екеніңізді естен шығармаңыз"
деген жазбасына төмендегідей пікірлер жазылған.


Сонымен қатар, "Қара орамал таққаныңыз бұл енді дұрыс емес.қазақта қара жамылған кезде де қара орамал тақпаған", "Қара жамылып басына не қайғы тілеп жүр. Жаман ырым ғой. Әлде сән әлемінде жүрме. Өткенде ғана меккеде оранып жүр еді ғой. Жоқ қайып ұстап жүр ме?", "Алла разылығы үшін деп оранғасын шариғатқа сай болу керек. Мұсылман мұсылманға жеткізуі міндет!" деген ойларын жазған.