"Елдiң қаржысын қолтығына қысқан қашқындар": Танымал әзілкештің "Борат" туралы пікірі оқырмандарды ашуландырды

0
1 292

"Бораттың кешiрiм сұраған видеосын күтем, құрметтi билiк!"


Танымал әзілкеш, жайдарманшы Нұрболхан Шарапов "Борат фильмі туралы жазды. Оның ойынша, мұндай фильмдердің артында өзіміздің "жаулар" тұруы мүмкін екен.



"Бiз айтамыз, қоямыз! Негiзi, фильм саяси қозғалысқа түрткi болу үшiн шығарылған деп бiлем. Оның үстiне жәй фильм үшiн Бораттың ескерткiшiн қойып, туымызды хайуанша айналып билеуi тегiн емес. Бұған қолдау көрсетiп жатқан елдiң жаулары бар. Олар кiмдер? Елден еншiсiн ала алмай кетiп, Халықтың арасына iрiткi салып, елдiң қаржысын қолтығына қысқан қашқындар болуы мүмкiн. Кiмдердi айтып отқанымды түсiнген боларсыздар.

Сыртқы iстер министрлiгi кiм? Қайда? Не бiтiрiп отыр? Неге үнсiз?
Бораттың кешiрiм сұраған видеосын күтем, құрметтi билiк!" -, дейді әзілкеш.

Мұны оқыған желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінген, бір тарап "Өте дұрыс, кешірімде сұрасын и қатаң түрде жазалансын!" десе, екінші бөлігі "Ойдан құрама!", "Шетте жүргендердің қатысы жоқ" деп қарсылық білдірген.