Ішкиіммен билеген биін желіге жүктеп сөз естіді.
фото: кадрдан алынды
Еліміздегі басты арналардың бірі - Еуразия бipiншi арнасындағы «Qoslike» жобасының қатысушысы Дарина өзінің ашық киімдегі ерсі биін парақшаға жариялап, әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Кадрда Даринамен қоса өзге де қыз-жігіттердің жайлы демалыс ұйымдастырғаны көрінеді. Суға түсетін киіммен көпшілік алдында мың бұрала билеген бағдарлама қатысушысы мен қасындағы қызға оқырмандар түрлі сын пікірлер жазуда.
"Масқара, ұят, енді тек тыр жалаңаш шығуы қалды", Мыналарың не боп кетті өзі", "Ұяттан безген қыздар, масқара!", "Даринаның бет пердесі шешілді. Өзін өзі масқаралап жүр ғой, ұятсыздар. Не үлгі мынау, осындай ойларына келген суреттеріңді салуға арланбайсыңдар ма?", "Қазақ халқын жер қылатын осындай қыздар, қазақтың қыздары қайда инабатты сабырлы?" деп жазады видеоны көрген оқырмандар.