Канн фестивалінің марапаттау рәсімінде қазақша сөйлеген Самал Еслямова көпшіліктің жүрегін елжіретті

0
35 080

​Канн фестивалінде үздік әйел рөлін жеңіп алған Самал Еслямова марапаттау рәсімінде ұлттық нақышта киініп, алғы сөзін қазақ тілінде бастап отандастарын бір марқайтып қойды.


Канн фестивалінің марапаттау рәсімінде қазақша сөйлеген Самал Еслямова көпшіліктің жүрегін елжіретті

Канн фестивалінде үздік әйел рөлін жеңіп алған Самал Еслямова марапаттау рәсімінде ұлттық нақышта киініп, алғы сөзін қазақ тілінде бастап отандастарын бір марқайтып қойды.

Кеше Канн фестивалінде қазақ қызының жүлделі болуы көпшілікті қуантқан еді. Оның марапаттау рәсімін француз арнасы көрсетті. Ол туралы өзінің инстаграм парақшасына "Қазақ Радиолары"-ның басшысы Мәди Манатбек хабарлап, төмендегідей жазбасымен бөлісті.

Мәди Манатбек: "Канн кинофестивалінің үздік актрисасы атанған қазақ қызы Самалды француздың Каналы көрсетіп жатыр. Құтты болсын! Ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмінде қырғыздың рөлін сомдаған Қызылжардың қарапайым ғана қазақ қызы Самалдың сабырлығы, ұстамдылығы, ұлттық нақышта киінген қазақы қалпы ұнады. Әлемді мойындатып, Канн кинофестивалінің ең үздік актрисасы атану үшін еңбек және мінез керек екен. Арзан комедияның бәрінен қалмай түсе беру міндетті емес. Жарайсың, САМАЛ!!!"


Мұны көрген желі қолданушылары "Үлкен рақмет деген даусыңнан айналайын", "Өзіміз алғандай қуанып отырмыз...", "Қазақ қызын әлем мойындаған сәт! Жеңісті күндер көп болсын! Самал, биік шыңдарды бағындыра беріңіз!" деген сияқты құттықтау сөздерімен актрисаға тілектестіктерін білдірді.

Естеріңізге сал кетейік, Самал Еслямова "Айка" фильміндегі рөлі үшін 71-ші Канн фестивалінде үздік әйел рөлін жеңіп алған еді.

Видео әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ