"Қарның аш болса, патриоттық сезім желмен ұшқандай": Танымал кәсіпкер арманынан неге бас тартқанын айтты

0
3 275

Қайрат Құдайберген: "Капитан дәрежесіне жарты жыл қалғанда полиция қызметін тастап кеттім".


Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген өзінің армандарынан неліктен бас тартқанын айтып, желіде жазба жариялады. Ескі архивтегі суретін қоса жариялаған ол бір кездері қылмыспен күресуді армандағанын, бірақ айлықтың аздығынан ол ойынан бас тартқанын айтты.


Қайрат Құдайберген:

Бұл менің мемлекетке адал қызмет етем деп ант берген күнім.

Полицияда жұмыс істеп еліме пайдалы боламын деп армандағанмын. Қылмыспен күресемін деп армандағанмын.

Бірақ өкінішке орай қарның аш болса және жанұяңды асырай алмасаң, патриоттық сезімді желмен алып кеткендей болады.
Қарапайым полиция қызметкерінің жалақысына, үй алмақ түгелі, оның арендасын төлеудің өзі бақыт болған. Сондықтан капитан дәрежесіне жарты жыл қалғанда полиция қызметін тастап кеттім.
Оның орнына банкке жәй заңгер жұмысына орналастым. Жалақысы үш есе көп болған еді.
Арада жылдар өтті, бірнеше жұмыс орындарын ауыстырдым. Тәжірибе жинап, кәсіпкерлікке аттандым. Біраз нәтижеге жеттім...бірақ берген антымды ешқашан жерге тастамадым. Еліме қызмет етем деген уәдеме берік болып, аз да болсада халқыма көмек беруге әрдайым тырысамын.
Еліміз аман болсын! Қазағым жасасын!".



Кәсіпкердің жазбасын оқыған оқырмандары шабыт алғандарын, онда шындықтың бар екенін айтуда. Сондай-ақ олар сәттілік тілеп, осы бағытынан таймауға тілектестік білдірді.