Актер Ерболат Төлеген журналистпен арадағы дау-дамайды айтты.
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берген Бибігүл Дәулетбекқызы жайлы тағы бір дерек шықты. Ел арасында шу тудырған жағдайға қатысты Ерболат Төлеген де өз пікірін білдірді. Халық арасында Шіман апа атымен танылған актер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Бибігүл Дәулетбекқызымен орын алған келеңсіз оқиғасын жариялады.
«Әлеуметтік желіге бас сұғып отыруға көп күннен бері уақытым болмай кетті. Ләйла Сұлтанқызы мен Бибігүл Дәулетбекқызының дауына қатысты менің де айтарым бар - ол шындық. Өйткені, кімнің кім екенін жұрт білуі тиіс!
Былтыр Бибігүл Дәулетбекқызының мені «Алматы» арнасынан шығатын «Беу, туған жер» деген бағдарламаға жүргізуші болып келуімді өтінді. Келісім бойынша Бибігүл маған бүкіл еңбегім үшін 700 мың теңге төлейтін болды. Басында бәрі осылай әп-әдемі басталған. Жұмыс толық аяқталғанда Бибігүл уәдесінде тұрмай, маған 250 мың теңге ғана төледі. Қалған 450 мың теңгені төлеуден түрлі сылтау айтып, қаша бастады. Осылай айтысып жүргенде тағы бір бағдарламаны қосымша түсіруіміз керек боп қалды. Бірақ сол бағдарламадан кейін қалған 450 мың теңгемді төлейсің» деп, арқасынан қақтым. «Иә, иә! Төлеймін!» деп орнынан қуана атып тұрды. Бірақ қайдағы төлеген? Бағдарлама біте салысымен жазылған флешканы алды да маған «сау бол!» деместен тайып тұрды. Арада бірнеше күн өтті. Бибігүлден тырс еткен хабар жоқ. «Телеарна шынымен төлемей жатқан шығар» деген оймен «Алматы» арнасына, Рита Кенжеаловнаға бардым.
⠀
Сөйтсем, Рита Кенжеаловна: «Біз Бибігүлге қарыз емеспіз. Бүкіл ақшасын баяғыда төлеп қойғанбыз!» дейді. Ауылдан анам келіп, көлікте келе жатқанбыз. Есіме Бибігүлден алашақ ақшам түсіп, анамның көзінше телефон соға қойғам. Арғы жақтан Бибігүл телефонды көтерер-көтермес: «Ей! Ептывайымайт! (автордың жазбасы бойынша өзгеріссіз алынды - ред.) Мен сені жұлдыз қылдым! Қатын болып жүрген жеріңнен еркек қылдым! Миымды ашытпай жоғал, ары!» деп айқай салды да, трубканы тастай салды. Бұл сөздерді жанымда отырған анам да естіп отыр», - дейді.
Оқырмандар пікіріне жауап қайтарған актер, аталған жазбаны халықтың кімнің кім екенін білсін деген ниетте жазғанын жеткізген.
"Бастысы халық алданып қалмасын", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін де ERNUR.KZ ақпараттық порталында Ерболат Төлеген өзіне тиісті ақысын Бибігүл Дәулетбекқызының төлемей қойғаны туралы сұқбаты жарияланған еді.