Елордалық Әділбек Нұрақаев Манила қаласында өтетін "Әлем мистері" байқауына шақырту алған.
Араға 10 жыл салып Қазақстан әлемдік деңгейдегі жігіттің сұлтаны байқауына қатысады.
«10 жылдан соң Қазақстан »Әлем мистері« бүкіләлемдік байқауына қайта оралды. Ағымдағы жылдың 15 сәуірі мен 15 шілде аралығында аталмыш байқауға қатысушы үміткерді анықтау мақсатында ұлттық іріктеу өтті. Іріктеу нәтижесінде 32 үміткердің ішінен астаналық 21 жасар студент Әділбек Нұрақаев Қазақстанның атынан »Әлем мистері« халықаралық байқауына шақырту алды», - деп жазылған «Mister Kazakhstan»-ның Instagram парақшасында.
Әділбек sputniknews.kz сайтына берген сұхбатында байқауға қатысудағы мақсатын айтқан.
"Мен Филиппин еліне барып, әлемге Қазақстанда модельдік бизнестің жақсы дамығанын көрсетуді көрсеткім келеді. "Әлем мистері 2019" - бұл тек сұлулық байқауы емес. Онда талантың және физикалық дайындығың сынға түседі", - дейді ол.
Халықаралық байқау тамыздың 6-сы мен 24-і күндері Филиппин астанасы Манила қаласында өтеді. Байқауда әлемнің 80 елінен келген жігіттер бақ сынайды.