"Кетші, өтініш": Сәкен Майғазиев Қайрат Түнтековке шетелге кетуге кеңес берді

0
9 471

"Мен сенің шетелдік байқауларды бағындырып келгеніңді қалаймын!"


Белгілі әнші Сәкен Майғазиев өнердегі бауыры, талантты әнші Қайрат Түнтековке осылай кеңес берген. Бұл видео желіде тез тарап, қызу талқыға түсуде.


Видеодан байқағанымыздай, Сәкен Майғазиев "Егіз лебіз" бағдарламасында қазылық етіп отыр. Қайрат Түнтековтың өнеріне баға берген ол "Қайрат, мені білесің ғой. Баяғы 2016 жылы Дималекпен !(Димаш Құдайберген) үлкен концертте "шетелге кетші" деген ағалық ақылымды айтқан болатынмын.

Сен де кетші, өтініш! Сенің де шетелдік байқауларды бағындырып келгеніңді қалаймын! Бүкіл жалқаулықты, еркелікті тастау керек" деп кеңес береді.


Мұны көрген көрерменде де Қайрат Түнтековтың талантына бас иетіндерін айтып, оған қолдау білдірген.

Сәкен Майғазиевтің ойын қолдаған олар, "Шынында да Қайрат өте талантты әнші. Шет елге шықса жүлделі орын алары сөзсіз", "Сын түзелмей,мін түзелмейді деген бар қазақта,Сәкен ағам өте орынды айтты деп ойлаймын,айтса өнердегі ағасы айтты да қойды", "Қайрат өте талантты, дарынды даусы да, қимылы да табиғи таза, басқа әншілер сияқты еліктеу, жағымпаздану деген табиғатына жат нәрсе, басына іс түскенде де өзі сол тығырықтан шығатын жол іздеді, шыншыл адам еш уақытта әріптестеріне жақпайды. Қайрат інім тек ғана алға" деген сынды пікірлерін жазып жатыр.