"Күйеуіңізге деген көзқарасыңызды өзгертесіз": Төреғалидың әйелі тренинг өткізе бастады

0
1 624

Толқын: Енеңізді қабылдауда жаңа деңгейге көтерілесіз!


Бұрын жасырынып жүретін "Ұлы даланың келіні" енді жас қыздар мен келіндерге тренинг өте бастады. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, “Салиқалы келін” атты онлайн сабағында ол келіндердің енемен, күйеумен қарым-қатынасын реттеуге көмектеспек екен.

Толқын Тұрарбекқызы: "Сәлем бердім, баршаңызға‼️

Көпшіліктің сұрауымен, Қасиетті Рамазан айында өтетін “Салиқалы келін” атты онлайн сабағыма тіркеу басталды. Сабақ 1️⃣9️⃣- 2️⃣0️⃣ сәуір күндері жабық парақшада өтеді‼️

Сіздер екі күн сабақта:
Салиқалы келіннің 5 қағидасын үйренесіз !
Енеңізді қабылдауда жаңа деңгейге көтерілесіз
Күйеуіңізге деген көзқарасыңызды өзгертесіз
Үй тұрмысындағы уақытты дұрыс пайдалануды үйренесіз!

Сонымен қатар сабаққа қатысқандар арасында
“Аида Кауменова” сән үйінен көйлекті
“Шуақты күндер” атты Зейнеп Ахметованың 1️⃣0️⃣ кітабін сыйлыққа беремін"
дейді.

Бірақ неге екені белгісіз Толқын ханым бұл жазбаға пікір жазуды бұғаттап тастаған. Десе де оқырмандары оның кейінгі жазбаларына "Ал курсына кім қатысады ? Мә,не жеп пысық боласыңдар осы?ауадан ақша жасап? Үйдегі әжең тегін айтып береді" деген сынды пікірлер қалдыруда.