"Күресіп, күресіп соңында шаршадым": Танымал журналист өзімен күресудегі құпияны айтты

0
3 004

"Жылдар жылжи берді. Мен есейдім. Өмірдің бір-екі таяғын жегеннен кейін, ертегі әлемімді жоғалтып алдым".


Белгілі журналист, мотиватор Мақпал Қаратайқызы үнемі өзінің жігерлі, ойлы сөздерімен оқырмандарын шабыттандырып келеді. Бұл жол өзінің ертегі әлемі туралы жазады.

Өзінің желідегі парақшасына "Танысып қояйық. Менің есімім Мақпал. 40 жаста, 3 баласы бар, бірақ әлі ертегіге сенетін адамды көргің келе ме? Мен солмын.

Бес-алты жастамын. "Менің өмірім кәдімгі ертегі. Бүкіл әлем мен үшін жаратылған" деп ойлайтынмын. Ертегідегі жағымсыз кейіпкерлер бар ғой. Әлемім мен есейгенше "ғажайып қызды біліп қоймасын" деп, әдейі қазір түрімді жаман етіп, Мақпал кейіпіне енгізіп қойған деп сенетінмін.
Жылдар жылжи берді. Мен есейдім. Өмірдің бір-екі таяғын жегеннен кейін, ертегі әлемімді жоғалтып алдым. Әлем мен үшін жаралмаған екен... Енді осы оймен өмір сүрдім.
Ертегі жоғалған кезде, әлемім де әлдилеуін доғарды, керісінше мені "ұра" бастады. Осы тұста, ащынып, өз әлеміммен күреске шықтым. Мен ұмтылған сайын, жағаға лақтырып жіберді. Өзімді жалғыз сезіндім. Ну орманның ішінде жарық таба алмай адасып жүрген сияқтымын. Күресіп, күресіп соңында шаршадым...
Дәл осы кезде... Мен ертегі әлемімді қайта тауып алдым. Айтпақшы, бүкіл әлем мен үшін жаратылған еді ғой. Мен қалай ұмытып қалдым. Қалай ғажайыптан алыстап кеткенмін?
Менің жасым 40-та. 3 балам бар. Есімім Мақпал. Мен ертегіге қайтадан сенемін. Бүкіл әлем тек мен үшін жаратылған. Тек менің өсуім, менің жеңісім үшін. Ертегіде кейіпкер қиналып-қиналып, бір күні ғайыптан бақытқа жетеді ғой. Мен дәл сол басты кейіпкермін! Ғажайып қызбын!
.Ал сен, осы жазбаны оқып отырған жан, өз әлеміңнің басты кейіпкерісің! Сенің ертегі әлемің дәл сен үшін жаратылған. Дәл қазір осы ғажайыпты өміріңе жіберші. Сол кезде ертегі әрі қарай жалғасады...
" деп жазған Мақпал ханым өз оқырмандарын үнемі жақсылыққа сенуге үгіттейді.

Жүрек тебірентер бұл жазбаны оқыған оқырмандары Мақпал ханымға деген ыстық ықыластарын аямаған.

Солардың бірі Кәмшат есімді оқырманы, "Сізді қарап жүргеніме 2 жылдың шамасы болды керемет жансыз сіздің кітаптарыңызды оқып сабақтарыңызды алып өмірімде ғажайыптар көп болып жатыр мен аллаға сенем және сіздің айтқандарыңыға сенем шүкір! Арманымның бұлай тез орындалағаны фокус болып көрінеді өзімізге алла берем десе терезеден береді деген осы шығар тек әрекет етсең барлығы қолымызда екен" депті. Ал екінші бірі, "Сіздің сөздеріңіз тыңдаған ,оқыған адамға қанат бітіреді,шын айтам!Кешегі қиындықтарымның ізі де қалмағандай...Өмір сүру жеңіл,әрбір ісім өзінен өзі жеңілдеп кетті!Джо Диспенза айтқандай әр нәрсе біздің қабылдауымызға байланысты екен!Ертегіні өзіміз өмірімізге енгізейікші" дейді.