"Майкл Джексонмен жұмыс істеген": Қазақстандық әнші әлемдік брендтің амбассадоры болды

0
1 663

Jacob & Co - қол сағаттарды сатумен айналысатын бренд.


Димаш Құдайберген Jacob & Co компаниясының амбассадоры болды. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Нью-Йорктен фотосурет. Біз Майкл Джексонмен және басқа да әлемдік жұлдыздармен ынтымақтасқан әлемдегі үздік сағаттардың негізін қалаушы Джейкоб мырзамен суретке түстік. Қазір мен Jacob & Co. @jacobandco амбассадорымын», - деп жазды Димаш.


Jacob & Co (" Джейкоб және Ко" немесе "Джейкоб және компания) - 1986 жылы гауһар дизайнер Джейкоб Арабо негізін қалаған зергерлік бұйымдар мен қол сағаттарды сатумен айналысатын бренд. Корпорацияның штаб-пәтері Нью-Йорк штатындағы Манхэттен қаласында орналасқан.