Мархаббат Беспаева: "Бұл істі бастау менің арманымның бірі еді".
Белгілі әнші Мейрамбек Беспаевтың әйелі Мархаббат Беспаева енді кәсіби дизайнер. Бұл туралы ол өзінің парақшасында жариялаған.
"Құрметті достар менің жаңадан бастаған ісіме көптеген қолдаулар келіп жатыр. Бұл істі бастау менің арманымның бірі еді, ендігі сол арманымды жүзеге асырып, мақсатыма жету.
Баршаларыңызға алғысымды білдіремін! Сіздердің қолдауларыңыз маған үлкен шабыт сыйлайды!
Қуанышымда шек жоқ! Иә түсінгенім, бұл күрделі де, сан қырлы сала мені тек шабыттандырады, алға жетелейді.
Қашан да әдемілікке, тазалыққа, өзіндік жеке стильді, өз қолтаңбамды қалыптастыруға жан-тәнім жақын болды. Міне, енді мен Алланың қалауымен мамандандырылған кәсіби интерьер дизайнері атандым!" - дейді әншінің жары.
Сонымен қатар ол өзінің дипломдық жұмысын да жариялап, "Құрметті менің оқырмандарым, сіздермен өзімнің дипломдық 3dmax жұмысымның нәтижесімен бөліскім келеді. Бұл видео тек қонақ үйдің ғана көрінісі. Бұл үй ЖК “Клубный дом” -да орналасқан. Үйдің жалпы алаңы(общая площадь) - 179,18 кв.м. Бұл мен үшін тәжірибесі мол жоба болды. Әр жобаның өзіндік қызығушылығы мол болғандықтан, үлкен ынтаммен және жауапкершілікпен қараймын. Егер сіздерге ұнап жатса, онда келесі бөлмелердің көріністерін салып тұрайын. Жауаптарыңызды төменге жаза кетіңіздер" деп оқырмандарымен де байланыс орнатқан.
Мұны көрген оқырмандары ол үшін қуанып, тілектестіктерін білдірген. Өздеріңіз білетіндей бұған дейін әншінің жары көп көрінбейтін еді және әлеуметтік желідегі парақшасы да жабық болатын.
Ал қазір керісінше желіде белсенділігін арттырып келе жатқан сияқты. Оны оқырмандардан бөлек, шоу-бизнес өкілдері де қолдап жатыр.