"Менен тәп-тәуір қайынапа шығады": Жұлдыз Абдукаримова келін іздеп жатыр

0
3 892

Ол туған інісіне қыз іздеуде.


Белгілі әншінің жары, көп балалы ана Жұлдыз Абдукаримова өзінің туған інісіне қыз іздеп жатыр екен. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

"Туған інім Айсұлтан, ұқсаймыз ба. Анамның қолын ұзартатын қыз іздейміз. Менен тәп-тәуір қайынапа шығатын сияқты" - дейді актриса.


Бұл жазбаны оқыған оқырмандары Жұлдыздың жап-жас және өте жақсы қайынапа боларына күмән келтірмепті. Сонымен қатар олар ер азаматқа келіншек керек екенін айтып, інісіне бақыт тілеген.