"НЕ ҚҰТЫРУ? ӘНШІСЫМАҚТАР!": Танымал журналист анасының табанын сүйгендерді сынға алды

0
3 028

"Хайп па, әлде оқырман жинау кәйіп па?" - ананың табанын сүйіп, желіге салғандар сынға ұшырады.


фото: ашық дереккөзден

Белгілі тележүргзуші Мәди Манатбек анасының табанын сүйіп, оны желіге жариялаған жұлдыздарды сынға алды. Ол инстаграмдағы парақшасына эстрада әншілерінің арасында жүріп жатқан эстафета жөнінде жазба қалдырыпты.

Жаңалықтың жаршысы болған Мәди Манатбектің пайымынша, анаға деген құрмет табанын сүйіп, жұртқа жариялаумен өлшенбейді екен. Аяқ жуған видеоның желіде қаптауы, оңай атаққа қол жеткізіп үйренгендердің ісі деп ойлайды.

«Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән, не құтыру? Жұмақ ананың табанының астында дегенді білеміз, берік ұстанамыз, бірақ видеоға түсіріп, жұртқа жариялап жарысқанды алғаш көруім. Осының бәрін бастап, эстафета жариялап жүрген оңай табысқа, атақ-мансапқа мастанған, қоғам шындығынан алыстап кеткен әншісымақтар. Ата-ананы сыйлау, құрметтеу деген еш жариясыз, риясыз атқаратын пенденің күнделікті тіршіліктегі міндеті емес пе?! Құдай алдындағы борышын рия болады деп қорықпай жариялайтын діни буквализмге, фанатизмге ұрына бастадық. Біртүрлі қоғамға, сапасыз, санасыз, даңғой елге айналып барамыз. Мұндайда имамдар, теолог ғалымдар араласып, ненің абзал, ненің жөн екенін анықтап, нақты айтып беруі керек», - деп жазба қалдырған.

Ол оқырмандар тарапынан анасының аяғын жуғанды қолдайтындар бар болғанымен, Мәди Манатбектің пікірімен түбегейлі келісетіндердің қарасы көп. Халықтың біразы, жалаңаш шешінген суреттерден қарағанда бұл бейнежазбалардың тәуір екендігін алға тартады.

«Хайп па, əлде оқырман жинау кəйіп па? Осы жұлдыздарға лайық па, артық айтсам бұйырмаңыздар айыпқа», «Ағасы бір-бірінің басына айран құйып, көшеде жүріп су шашып, т.б соны эстафета қылып достарына жолдағанды көріп жүрміз, олардың жанында əлде қайда жақсы емеспе», «Жалаңаш тəнін жариялап жатқан қыздардың видеосына да өзіңіз сияқты қазақтар "лайк" басып отырады. Оның жанында үлгі болатын мұндай дүниелер жарияланғаны жақсы игі!», «Соны күнде жасаса бір сәрі. Тек видео үшін ғана»,-деген пікірлер бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде пайда болған "Жұмақтың кілті" атты эстафетаны айтыстың "ақтаңгері" атанған Дидар Хамиевтың жолдауымен, әнші Төреғали Төреәлі қабыл алған болатын. Ал, Төрештің "Алланың разылығы, ата-ананың разылығында", деп өзге де әріптестеріне жолдағанын жазғанбыз.

ERNUR.KZ