Танымал "Ninety One" тобы 24 желтоқсанда Теміртауда өткен Жаңа жылдық кеште өнер көрсетпеді.
Топтың айтуынша, бұған Теміртау қаласының әкімшілігі кінәлі. Олар жауапкершіліктен бас тартып, топтың өнер көрсетпеуіне себепкер болған. Бұл туралы топ өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бізге келген соңғы ақпарат бойынша, Теміртау қаласының әкімшілігі жауапкершілік алудан бас тартып, осы фестте өнер көрсетпеуімізге себепкер болды" деп жазды.
Топ мүшелері қазіргі уақытта Алматыда өтетін жеке концерттеріне дайындалуда. Концерт 27 желтоқсанда өтеді.