Ерекше стилді көзілдірік киген Нұрболат америкалық Рассел Вонгтан айнымай қалған.
"Жұртта жоқ" көзілдірік таққан Нұрболат Абдуллин өзінің бірнеше суретін желідегі парақшасына жариялады. Оның көзілдірігіне таңырқағандар "Бұл көзілдірікті тақпағаның жақсы", "Əшкиіңнен сенің көзің дəу сияқты ғой..." деген сынды сыни пікірлер көп жазды. Бірақ іштерінде әншінің жаңашылдыққа ұмтылғанын қолдағандар да болды.
Ал олардың бірі әншіні америкалық актер Расселл Вонгқа ұқсатқан. Салыстырған суретті актер инстаграмдағы "историз" бөліміне салды.
Расселл Вонг - танымал америкалық актер, продюсер. Көптеген криминалды драмалық фильмдер арқылы көпшілікке таныс.
Фото: nurbullin