«Нұрғали Нүсіпжанов амбассадор болды»: Ғаділбек Жанай қазақ кәсіпкерлерге өкпе-ренішін білдірді

0
1 545

«Денистің жүрегінде иманы бар екен»


«Нұрғали Нүсіпжанов амбассадор болды»: Ғаділбек Жанай қазақ кәсіпкерлерге өкпе-ренішін білдірді

Белгілі әнші Ғаділбек Жанай өзінің «Инстаграм» парақшасына қазақ бауырларына өкпелейтінін айтты.


«Көңіліме қатты тиді. Ағаға іні бола алмасақ, аға болғанда іні ерте алмаймыз. Бұл Нұрғали Нүсіпжанов көкеміз. Суреті «KETROY» деген ерлер киімін сататын дүкенде ілініп тұр. Иесі Денис деген жігіт. Енді ойлаңыздаршы, біз әлі күнге дейін өз ардақтыларымызды құрметтей алмай келеміз. Мен мұны басқа бауырларды қайрау үшін айтып отырмын. Бір қазақтың дүкенінде өз тұлғаларымыздың суреті жоқ. Кеше мен осы Денис деген жігітке хабарласып, рахмет айттым. «Біз жасамаған нәрсені жасапсың, Алла разы болсын!» дедім. Өзі қазақша сөйлейді, «мен де соған күйінемін» деді ол. Біздің өзіміз өз арамыздағы көзі тірі аңыз адамдарды осылай құрметтей алмай отырғанда, ұлты басқа бауырымыздың Нұрғали ағамызды дүкеніне амбассадор етіп алуы кішкене ұялтып қойды» деді Ғаділбек Жанай.


Әншінің бұл сынын желі қолданушылары да қолдады. «Денистің жүрегінде иман бар екен, қазақтың өзі қадірлей алмған ұлыларға деген құрметіне, тіліне, жеріне, еліне деген құрметін осы бір суреттен-ақ бағалауға болады», «Денис өзі сататын киімдердің этикеткасына Абайдың қара сөздерін жазып қойған», «Нұрғали аға күннен күнге жасарып келеді, ол үшін уақыт тоқтап қалғандай», «Дұрыс, өзіміз өндіретін өнімдерге өз адамдарымыз жарнама жасасын!» деп жазды көпшілік.