"Рақмет саған, коронавирус": Танымал актрисаның видеосы желіде шу шығарды (видео)

0
2 775

«Айтпағым ол емес еді», - деп ақталды актриса.


фотоколлаж үшін суреттер ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ. Әнші, актриса әрі блогер Анар Батырхан жаңа челлендж бастады. Коронавирустың кесірінен карантинге тап болған халықтың көңілін «басқа арнаға бұрғым келді» деген блогер осы видео арқылы уақытты тиімді пайдалануға шақырды. Бұл туралы НТК арнасындағы евю" бағдарламасында айтылды.

- Адамдарды кішкене стрестен шығару үшін жасалған челлендждердің бірі. Осы күндері мен барша қазақстандықтарды кішкене қатты уайымдамай, қатты өз өздеріне көңілдеріне алмай, сол күнді бес кітап оқып немесе үйде отырған аналар нешетүрлі тамақтарды үйреніп дегендей. Қазір ютуб деген нәрсе бар, - дейді блогер әрі актриса Анар Батырхан.

Алайда актрисаның игі бастамасын теріс түсінгендер де табылды. Ажал құштырып жатқан індетке рақмет айтып, көпшіліктің ашуын тудырған бикеш «айтпағым ол емес еді» деп ақталды.


- Үйде отырып алып, истерика жасамай, сол уақытты кішкене халықты кішкене тыныштандырып, кішкене сабырға салып, уайымдамаңыздар бәрі жақсы болады деген видео түсірілген негізінде. Әрине, көбі түсінбей жатыр... "Неге рақмет айтып жатсыз?" деп жатыр. "Спасибо, коронавирус" деген сөз болды арасында. Біздің осыған дейін көңіл бөлмеген заттың барлығына неғұрлым көбірек көңіл бөлу. Осы жайлы айтылған видеоның өзі, - дейді актриса.

5 кітап оқып, 5 пайдалы ас дайындап үйреніп, 5 фильм тамашалауды ұсынған актрисаның өзі танымдық картиналар қарауды қолға алған. Сондай-ақ, «бір мезгіл таза ауаға шығудың да пайдасы мол» дейді ол.

-Үйде отырмын, мүлдем шықпаймын деп айта алмаймын. Бірақ көп адам жүретін жерде жүрмеймін, - дейді Анара Батырхан.

Ал игі бастама көтерген Анар Батырхан эстафетаны оқырмандары мен өнердегі әріптесіне жолдады.