"Сені қазақ қызы дейді-ау": Динагүл Тасова жалаңаш суреттерін жариялай бастады (фото)

0
6 171

Экс-депутат өзінің жеке әлеуметтік парақшасында оқырмандарын жалаңаш түскен суретімен шошытты.


суреттер инстаграм желісінен алынды

Төсін ашып елге танылған экс-депутат, модель Динагүл Тасова парақшаларында жалаңаш түскен суреттерін жариялауды жөн көріпті.

Динагүл: "Карантин кезінде іш пысты ғой. Не істейміз? Осындай суреттер салып тұрсам ешкім қарсы емес шығар?" - деп instagram парақшасында жазба қалдырған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі бұл суреттері үшін Динагүлді сынның астына алған.

"Карантинде пайдалы нәрсемен айналыссаңшы, айналайын", "Не сұмдық, масқара!", "Сені қазақ қызы дейді-ау", "Ұятсыз екенсің бетімен кеткен", "Ұят деген жоқ екен ғой", "Кітап оқу керек саған ең дұрысы" деген пікірлерді жарыса жазуда.