"Сіздің қиындықтарыңызды балаларыңызға бермесін": Гүлзира Айдарбекова желіге жүрек тербетер жазба жариялады

0
2 266

«Кез келген қара жұмысты еш намыстанбай жасадық»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынайтындарға жауап берді


Танымал хитменнің анасы да үнемі ел аузынан түспейді. Бұл жолы жұрт оның балалары үшін істеген жұмыстарын айтқан соңғы жазбасын тілге тиек етті. Онда продюсер сол кездерді еске ала отырып, осы күніне шүкірлік еткен.

«Құдай көп көрмесін, нағыз бақыт міне осы екен ғой. Кейде біреулер жазады, үйде отырмайсыз ба, бүйтпейсіз бе, сөйтпейсіз бе деп. Кезінде осылар үшін, жылы ұяда отырсын, тамақтары тоқ болсын деп, аязда мұзды аяқ болып, ыстықта басымыздан күн өткізіп, мейлі базарға шығайық, мейлі кез-келген қара жұмысты еш намыстанбай жасап, жеткіздік. Енді бәрі жабылып қолымызды жылы суға салып, дегенімізді болдырып жатса оның несі айып? Балаларымыз бізге қандай құрмет көрсетсе, ертең олардың ұрпағы да сөзбен айтқандарын емес, ұядан көргенін жасайды емес пе? Алла, аяқ-қолымызға берген қуатынан айырмасын. Кеше бір таныс, туысымдай болып кеткен сіңілім хабарласып, аяғы ауырлағанын сүйіншілеп жеткізді. Қаншама жылдардан бері құрсақ көтере алмай, көзінен тек мұң көруші едім. Ақылымды айтып, жұмыс-жұмыс демей емделіп бала көтер деп, көрген сайын ұрысатынмын. Шынында бала деген, өміріміздің жалғасы. Баласыз әйел, жиhазсыз үймен тең деген. Үйдің жылуы, берекесі әрине бала. Осыларды ойлағанда жүрегіміз езіліп кетеді, шекер деймін бе бал деймін бе, әйтеуір теңдесі жоқ тәттілік. Барша отбасына осындай тәп-тәтті ұрпақ тіледім!».

Бұл жазбаны оқыған оқырмандардың барлығы дерлік Гүлзира Үзенқызының еңбегін бағалайтынын айтып, ісіне сәттілік тілеген. Олар «Сондай керемет жаздыңыз! Сіздің көрген қиындығыңызды балаларыңыз көрмесін! Әрине, балаларыңыз сізді бағалап отырсын! Биікке көтерілсеңіздер таза еңбектеріңіз, жаман пікір жазатындарды түсінбеймін» деген пікірлер қалдырған.