"Сонда, Аша өз ойынан ештеңе айта алмайтын боп тұр ма?": Танымал әзілкеш Аша Матайды сынға алды

0
3 200

Нұрболхан Шарапов: "Разоблачение Қалаулым!"


Танымал әзілкеш, жайдарманшы Нұрболхан Шарапов "Қалаулым" бағдарламасының жүргізушісі Аша Матайды сынға алды.

Тікелей эфирдегі бағдарламада Ашаның микрафонынында сенаристің дауысы естіліп тұрғанын байқап қалған әзілкеш оны желіге жариялап, "Разоблачение Қалаулым! Ашаның құлағындағы ушканың даусын басып қойса қайтедi. Ар жағындағы сценаристтiң даусы головной микрофонға естiлiп тұр ғой, қасқаа. Сонда, Аша өз ойынан ештеңе айта алмайтын боп тұр ма? Әлде, сол жерде болып жатқан ситуацияны сипаттап бере алмай ма өз сөзiмен?" деген жазба қалдырды.


Ал бұл жазбаны көрген оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Бірі, Ашаның жүргізушілігіне сын айтып, "Ұнамайды!", "Бос бағдарлама", "Одан да сол ұлағына сыбырлап отырғанды жүргізуші етпей ме?" деген сияқты теріс пікірлерін айтса, екінші тарап Нұрболханға өкпелі. Олардың пікірінше, біреудің кемшілігін жұртқа жариялау еркектің емес" екен...


Фото: nurbolgan_sharapov, asha_matai

ERNUR.KZ