Белгілі актриса Шынар Жеңісқызы Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында студент күніндегі естелігін айтып, жұрттың жүрегін елжіретті. Өзінің "Желтоқсан оқиғасынан" қалай аман қалғанын айтқан, актриса желіге төмендегідей жазба жариялаған.
"АГТХИ дың 1-ші курсында оқимыз.Жасым он жетіге жаңа толған.Сол күні таңғы 6- лар шамасында есік қатты қағылды.”-Сабаққа бармайсыңдар,тез жиналып далаға шығыңдар-деді.Таңғы асымызды асығыс іше сала далаға шықтық.Күн суық.Алаңға келдік.Бізден басқа да жастар көптеп жиналып жатты.Бір кезде телевидение келді .Үлкен курстың студенттері сөйлеп жатты .Бәрінің аузында “-Қазаққа қазақ басшы сайлансын”деген бір сөз.10,11-лер шамасы ұмытпасам,бәріміз қатарға тұрып Фурманов көшесінің бойымен “Менің Қазақстанымды” айтып жүріп келеміз. Солай біраз жүргеннен кейін тоңғанымыз бар,қарнымыздың ашқаны бар,қазіргі Қонаев пен Төлеби көшесінде орналасқан Каспиидің асханасына ас ішуге кірдік те,топтан көз жазып қалдық.Содан не істейміз енді ,43-ші автобусқа отырып жатақханаға келдік.Кеш бата жатақхана дәлізінде студенттер жиналып,ертең тағы шығатындарын айтып жатты. Түнге жақын курсымыздың ең үлкен жігіті келді де -“ертең сендер шықпаңдар,бөлмелеріңде болыңдар ,олар ешкімді аяп жатқан жоқ ,жазым боласыңдар”- деп кетті.Арада екі екі-үш ай өткен соң курстағы бір қызға және маған РОВД дан повесткі келді.Үлкендеу,арықша келген қараторы кісі екемізді бір бөлмеге әкеліп,16-ы күнгі түсіріп алған суретімізді көрсетті де,қолымызға ақ қағаз бен қаламсап беріп,-“Неге шықтыңдар алаңға, жазыңдар “-деді .Дір-дір етіп жазып отырмын.Қалай болды, солай жазып отырмын.Бір кезде келіп жазғанымды оқып шықты да,бетіме қарап ойланып біраз тұрды.Сосын-“ енді мен не айтам,соны жазасың ,жәрайма”- деді. Мені сол күні аптеканың жанында суретке түсіріп алыпты.Ағайдың айтқаны мынау болды.
-“Менің ішім ауырып,аптекаға дәрі алуға келдім,қайтадан келген ізіммен жатақханаға кеттім,алаңға барған жоқпын”.Бақытымызға орай,мейірімді қазақ ағайды жолықтырған Аллаға сансыз шүкір деймін.Егер жауыз біреу кездессе,тағдырым қалай болар еді, ойлауға қорқам.#Тәуелсіздіккүні".
Мұны оқыған желідегі оқырмандар оның сол кезде аман қалғаны тағдырдың сыйы екенін, актриса болуы үшін жаратылғанын айтып жатыр.