«Такси» фильмінің басты кейіпкері Абай өлеңін оқып, эстафетаны Головкинге жолдады (видео)

0
4 160

Француз актері Абайдың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» атты өлеңін оқыған.


«Такси» фильмінің басты кейіпкері Абай өлеңін оқып, эстафетаны Головкинге жолдады (видео)

«Такси» фильміндегі ролімен әлемге танымал болған француз актері Сами Насери #абай175жыл челленджіне қатысып, Абайдың өлеңін өзінің ана тілінде оқып берді.

Әлемге әйгілі «таксистің» видеосы Instagram-дағы«ztb_video» тобының парақшасында жарияланды.

«Барлықтарыңызға сәлем! Мен француз актеры Сами Насеримін. Мен досым Мұрагердің Абай өлеңдерін оқу эстафетасына шақыруын қабыл алдым және бұл эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдаймын!" - дейді Сами Насери.

Осыдан кейін актер «Сағаттың шықылдағы емес ермек» атты Абай өлеңін француз тілінде оқып берді.


Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының Абай өлеңін оқу бойынша эстафетаны қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Кейін челленджге өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, спорт, мәдениет, білім саласының қызметкерлері, шетелдік дипломаттар, қазақстандық және әлемдік БАҚ өкілдері де қосылды.

ERNUR.KZ