Тұңғышбай Жаманқұлов «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасына қолдау білдірді.
Танымал халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасына қолдау білдірді.
Бұл байқау туралы біз осыған дейін де жазған болатынбыз. Елге белгілі өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері қолдау білдіріп жатқан аталмыш жобаға халықтың сүйікті актері Тұңғышбай Әл-Тарази де қосылды.
Актер шәкірті Уәлибек Әбдірайымовтан алған эстафетаны өзінің курстасы, қазақтың "Қыз Жібегі" атанған Меруерт Өтекешова мен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровқа жолдады.
Бұл видеоны «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасының ресми парақшасы бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, бұл жобаға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы, белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл сынды тұлғалар қатысуда.